«31 арна» туралы
«31 арна» - Қазақстандағы танымал әрі ең беделді телеарналардың бірі. Бүгінде аталмыш арна отандық масс-медиа өндірісінде көшбасшы болып келді. Сондықтан «31 арнаның» әзірлеп отырған жобалары талғамы жоғары көрермендер тарапынан үлкен бағаға ие болып жататын сәттері жиі кездесіп жатады. Оның себебі айтпаса да баршаға түсінікті болар. Біздің арна техникалық жағынан жақсы жасақталған, сапасы жоғары және тың өнімдер жасуға бар ынта-жігерін сарып етеді. Жалпы «31-дің» аудиторисы 6 жастан бастап, 54 жасқа дейінгі өмірге құлшынысы жоғары, белсенді көрермендерден жасақталған. Олар жас ерекшеліктеріне еш шектеу қоймастан, көңіл қалауындағы кез келген бағдарламасы мен фильмдерін көре алады.
Бұлай болуы кездейсоқ құбылыс емес!
Сондықтан «31 арнаның» тек жастыққа, жаңалыққа және көтеріңкі көңіл-күйге негізделгені бірден аңғарлады.
Әр үйдің төріндегі көксандықтан орын алған «31 арна», әрбір күніңізді демалысқа, мейрамға айналдырады. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген жандар бір сәт көгілдір экран алдында көсіле, көңілінің қалауындағы бағдарламасын тамашалағысы келері сөзсіз. Сондай сәтте, «31 арна» патша көңілді көрермендедің көңілінен орын алуға барын салды. Тек «31 арна» күнделікті, үздіксіз 100%-ға жарқын қуаныш сыйлайды. Міне, сондықтан «31 арнаның» жаңа ойын-сауықтық форматқа ауысуы жақсыға жақсылық болып қосылуда.
Қазақ телевизиясында ешбір арна осындай үлкен көлемде және тек қазақ тілінде төлтуындыларын, яғни жобаларын ұсынған емес. Бұл біздің арнаның мемлекеттік тілге деген құрметі мен оған ерекше ден қойып келе жатқандығын аңағартады. Арна эфирінен әзіл-сықақтық скетч-шоу «Әзiл-студио», әзілге негізделген апталық сараптамалық «Әңгіме болсын», қоғамдық маңызды тақырыптарға жол салатын «Информбюро», интеллектуалдық ойын-сауықтық «Талан-шоу» және қалтаңыздың қалыңдауына себепкер болатын "Теңге-BOX" бағдарламалары жаңа маусымға жаңаша қадаммен бастауға мүмкіндік бермек.
«31 арнаның» базарлығы осымен ғана шектелмейді! Әріптесіміз «СТС-Медианың» қолдауымен 2008 жылдан бастап, көпшіліктін сүйікті көрсетіліміне айналып үлгерген «Воронины», «Моя прекрасная няня», ал бағдарламалардан «Самый Умный», «Галилео» сынды бір топ тамаша өнімдер көрсетіліп келеді. Міне, осы сәттен бастап, «31 арна» жаңа думанды өмір бастағаны белгілі. Бұндай жаңа қадам арна аудиториясының санын көбейтпесе, кеміткен жоқ. Ең бастысы еліміздің басты жаңалықтарымен таныстыратын «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы жаңа форматта жұмысын бастады.
«31 арна» әліде толассыз қызықтармен сіздерді қуантып отырмақ.