20 сәуір 2011
«Информбюро» әділ тестті қолдайды

«31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметі 20 сәуір мен 10 маусым аралығында «Әділ тест» республикалық акциясын өткізетіндігін хабарлайды. Бұл бастаманың мақсаты - мектеп бітіруші түлектер арасындағы Ұлттық бірыңғай тесттің әділ өтуіне жәрдемдесу.
«Информбюро» бағдарламасы Астана, Алматы қалаларымен бірге еліміздің өзге облыстарында тестке дайындық, тест тапсыру және тест қорытындысы кезеңдерінің қоғамдық бақылаушысы болмақ. Оған еліміздің мектеп бітіруші түлектерін, ата-аналар мен ұстаздарды, бір сөзбен айтқанда халықтың болашағына толғантатын әрбір азаматты осы акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз.
- Егер, сіз тесттің дайын жауаптарын саудалаушылар туралы білсеңіз;
- Егер, сіз бөгде азаматтың мектеп бітіруші түлек орнына тест тапсырғанын көрсеңіз;
- Егер, ҰБТ өткізуге жауапты мекеме қызметкерлерінің заңсыздығының немесе сыбайлас жемқорлығының куәсі болсаңыз;
- Егер, ҰБТ-ға қатысты әділетсіз оқиғаларды ұялы телефонға түсіріп алсаңыз, я болмаса қолыңызға нақты дерек құжаттар түссе, онда «Информбюроға» хабарласыңыз!
«Информбюроның» байланыс құралдары: 8(727) 315-95-31
Немесе өңірлердегі тілшілеріміздің көмегіне жүгінсеңіздер болады:
Астана: Бауыржан Шаяхмет – 8 701 778 23 89
Ақтау: Ирина Гончарова – 8 702 514 47 05
Орал: Руслан Ғазизов – 8 701 416 45 24
Ақтөбе: Баян Сағымбаева – 8 701 662 70 69
Қостанай: Наталья Королева – 8(7142) 54-55-31
Петропавл: Нұргүл Ахметова – 8 705 147 62 06
Қарағанды: Гуля Бағаудинова – 8 701 535 49 71
Семей: Олеся Бабченко – 8 705 500 08 41
Өскемен: Антон Сергиенко – 8 705 500 30 63
Тараз: Рано Дүйсебаева – 8 701 255 11 44
Шымкент: Мира Сүлейменова – 8 701 797 30 63
«ӘДІЛ ТЕСТ» БІЛМДІ ҰРПАҚҚА ЖОЛ АШСЫН!!!
20 сәуір 2011
«31 арнадан» жаңа түрік мелодрамасын тамашалаңыздар!

Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты ашық баяндайтын бұл туынды 2004 жылы жарық көрсе де, әлі күнге дейін көрермендер назарынан түспей келеді. Әсте, шынайы адам тағдырын суреттейтіндігінен болар.
«Менің балаларым» - бұл бір отбасында туылған, бірақ тағдырдың жазуымен әрқайсысы әр жаққа кеткен адамдардың өмірін баяндайтын туынды, яғни ешкім ешкімге мұқтаж емес, тәуелсіз жандар хақындағы хикая. Өздері байқамас, бірақ барлығын бауырға, ата-анаға деген үлкен сағыныш сезім байлайды. Кейде есейіп-ержеткен балалар өз орындарын тауып, қанаттары қатайып, ыстық ұяларынан ұшып кетіп жатады. Сондай сәтте ата-ананың басты арманы – балаларының үйіне қайта оралуы. Өйткені қанша жерден өсіп кетсе де, әке-шеше үшін олар бәрібір қамқорлық пен мейірімділікті қажет ететін кішкентайлары болып қала бермек. Бұл телехикаяның табысқа жетуінің де бір осындай отбасы құндылығын ашық көрсетуі себеп болса керек.
Тағы себебі оның актерлік құрамында. Туындыны жарыққа әкелген режиссер Фарук Тебердің айтуынша, бұл тұста оның көп таңдау жасауына тура келген. Әсіресе, басты кейіпкерлерді іріктеу барысында. Сондықтан да болар, бұл телехикаяның Түрік киномотографиясындағы актерлік қатары ең үздік таңдалған құрамның бірі.
Осындай таңдаудан кейін басты кейіпкердің рөлін сомдау танымал актер Мұрат Йилдірімге бұйырған. Әртістің өмірі туралы айта кетер болсақ, ол 1979 жылы 13 сәуірде Мевлен қаласында дүниеге келген. Мамандығы бойынша машина саласын игерген техник. Бірақ өзінің айтуынша, бұл оның көңіл қалауы емес. Сондықтан бала күнінен тек музыка мен театр өнеріне аса қызығушылық танытып өскен. Ақыры арманы шындыққа айналып, камера алдында кішігірім образдарды сомдай бастаған жігіт 3 жылға созылған табанды еңбегінің арқасында жұлдызды рөліне де қол жеткізеді.
«Арамыз алыс болса да, біз бәрібір біргеміз» сериалында өзін көрсете білген Мұрат 1999 жылы «Өлмейтін махаббат» телехикаясындағы басты кейіпкер Седаттың рөлін сомдауға мүмкіндік алады. Одан кейін «Үлкен өтірік», «Боран», «Әси» сынды бірнеше үздік туындылардағы басты рөлдерге ие болады. Ал 2004 жылы «Менің балаларым» сериалына Түркиядағы ең танымал актер ретінде шақырту алады. Бұл кинодағы рөлі туралы жергілікті БАҚ-на бірген сұхбатында ол: «Менің балаларым» сериалында бәрі бар. Қуаныш та, күлкі де, қайғы да, тіпті бақытсыз махаббат та. Ең бастысы отбасылық құндылықтар шынайы суреттеледі. Бір сөзбен айтқанда, онда өмірдің өз келбеті еш бұқпасыз көрсетілген. Мен бұл телехикаяға жолдама алғаныма өте ризамын.», - деп беріпті. Камерадан тыс өмірінде де Мұрат кейіпкері Масуд тәрізді өте мейірімді, жақындарына жанашыр жан екен.
Сонымен, 21 сәуірден бастап, 20:00-де «31 арнадан» бұл туындыны жібермей көріңіздер!
18 сәуір 2011
"31 арна" байқау жариялайды

«31 арна» «Информбюро» жаңалықтар қызметі астаналық қосынының қазақ бөліміне телевизия саласында жұмыс тәжірибесі бар журналистік орынға байқау жариялайды.
Байланыс телефоны: 8-7273-15-95-31, «31 арнаның» Алматы бөлімі
18 сәуір 2011
«31 арнада» жаңа маусым басталды

Арнамыз бұл жолы көпшілік көңілінен табатын тағы бір шым-шытырық оқиғаға толы түрік туындысын әзірлеуде. «Менің отбасым» деп аталатын туынды барлық отбасы мүшелеріне арналған.
«Менің балаларым» телехикаясының басты кейіпкері Әли Яхья Ерзинджан деп аталатын кішігірім қалада туып-өскен. Ата-баба салтын сақтап әрі ата-анасының қалауымен Хюлде есімді қызға үйленеді. Бір-бірін өліп-өшіп сүймесе де бақытты, тату-тәтті, ынтымағы жарасқан, керегесі мығым отбасында 30 жыл отасады. Және тәрбиелі екі қыз өсіреді. Алайда балалары есейген соң, олардың болашағын ойлаған Әли Стамбулға көшіп келеді. Бірақ күтпеген сәтте жары Хюлде қайтыс болады. Отбасылық оқиғаның одан ары қалай өрбитінін «31 арнадан» көріңіздер.
Жанры: отбасылық драма
Режиссёрі: Фарук Тебер
Актёрлері: Кадир Инанир, Жюлиде Курал, Мурат Йылдырым, Амула Улуер
Өндірісі: Түркия
21-сәуірден бастап, 20:00-де «31 арнада» жаңа телехикаяны тамашалаңыздар!
12 сәуір 2011
12 сәуір «31 арнаның» қазақ қоғамында жүргенінен 18 жыл толған күн

"31 арна" осы уақыттан бері қоғамды мазалаған ащы шындықты айтып, шешілмей келген күрделі мәселелердің түйінін тауып, оған қоса мағыналы әзілдерімен көрермен көңілін баурай келуде.
12 сәуір күні ғарышқа ұшқан зымырандай қазақ телевизиясында жаңа идеямен, үлкен талпыныспен жаңа арна бой көтерді. «31» деп ат қойып, тұсауын кесіп, телеарнаны өсірген Арманжан Байтасов. Айтпақшы, осы арнаның «31» деп аталуының бір себебі - арна желілісі «31-ші» толқынды алуынан туған екен. Айта кету керек, арнаның алғашқы көрермендері Алматы қаласының тұрғындары болған. Одан кейін арна аясын кеңейтіп, 14 облысты қамтыды. «Еркін сөз», «Центр внимание», «Дода», «Кім?» «Состояние kz» сынды бағдарламалар көрерменнің көңілінен шыққан «31 арнаның» төл жобалары. Ал бүгінгі 31 арна ойын-сауықтық, көңіл-ашарлық бағытқа қарай ойысып, еліміздің көрілімі жоғары арналардың үштігіне кірген, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген арна болып отыр.
Оған дәлеле, «31 арна» 2011 жылдың бірінші тоқсанын улес салмағы жағынан үлкен көрсеткішпен аяқтап, республикалық арналар арасынан 2-орынды иеленді.
«31 арнаның» өткен жолына қысқаша шолу жасасақ:
1993 жыл, 12 сәуір – «31 арна» алғаш эфирге шықты
1997 жыл – «Информбюро» бағдарламасы ашылды
2001 жыл – арна көрсетілімі республиканың 14 облысына тарала бастады
2003 жыл – сандық желіге қосылды және Орта Азия аумағын қамтуға мүмкіндік алды
2008 жыл, 31 наурыз – ойы-сауықтық бағыттағы «СТС» медиа көрсетілімімен әріптестік орнатты
2008-2011 жылдар – еліміздегі үздік үш арнаның қатарына енді

Арнаның 18-ге толуын бірлік пен түсіністікте қызмет етіп жатқан тату-тәтті ұжымы ерекше деңгейде атап өтті. Жылы лебіздегі тілектер айтылып, тәтті төрт желінді. Ал ән мен биді осы арнада жұмыс істейтін қызметкерлердің кішкентай бүлдіршіндері ұсынып, мерекеге келген қонақтар мен ұжымды әдемі әсерге бөледі.
Осылайша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі қызықты жобалар ұсынып жүрген арнанмыз бүгін кәмелеттік жасқа толып, үлкен жоспар мен мақсатты арқалап ары қарай алға ұмтылуды көздеп отыр. Алдағы болашақта арна көрермендеріне жаңа жобаларын ұсынбақ. Сонымен қатар, өздеріңіз сүйіп көрген түрік телехикаялары жалғасын таппақ.
14 жыл бойы көрермен назарына еліміз бен шетелде болып жатқан маңызды ақпараттарды қалт жібермей көрсетіп келе жатқан, «31 арнаның» ең көне хабарларының бірі «Информбюро» жаңалықтары. Ащы шындық пен жантүршігерлік оқиғаларды, елдің жетістіктері мен қуаныштарын бірінші болып халыққа ұсынып жатқан «Информбюро» ары қарай қызметін жалғастыра бермек. Ал бүгін 18-ге толып отырған біздің арнамыздың ендігі арманы 100-ге толып, көрермен көзайымына айналған «ең үздік» арна атану.

«31 арнаның» қол жеткізген жүлделері:
– 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2005, 2006 жылдары «Алтын жұлдыз» жүлдегері
– 2005 жылы «Жастарды тәрбиелеуге қосқан ерең үлесі үшін» арнай жүлде
– 2006 жылы Телевизия саласындағы екінші халықаралық «Үздік бағдарламалар достастығы» сайысында «Дүниежүзілік мәдениет саласын сақтауға қосқан үлесі үшін» арнайы сый алды
– 2009 жылы «Еуропаға жол» және «Жаңа Қазақстан» конференцияларында белсенділік танытқаны үшін ҚР Парламенті мәжісінің «Алғыс хатына» ие болды
- 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЖЫҰ VII саммитін өткізуден қосқан үлесі үшін ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатына" ие болды
- 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЖЫҰ VII саммитін өткізуден қосқан үлесі үшін ҚР Байланыс және ақпарат министрінің "Алғыс хатын" алды
Әрқашанда «31 арнамен» бірге болыңыздар!
30 наурыз 2011
«Сезім сыңғыры» тағы бір мәрте «31 арна» көрермендерімен қауышпақ

«31 арна» өз көрермендеріне көктеммен бірге жаңа маусымның келгенін хабарлайды. Оған дәлел, нағыз сезім мен нәзіктіктің, шексіз романтиканың құшағына жетелейтін «Сезім сыңғыры» телехикаясы көпшілікпен тағы бір мәрте қауышуы болмақ.
«Сезім сыңғыры» - бұл түріктің ең танымал жазушысы Решат Нури Гюнтекиннің шығарма желісінде түсірілген жаңа телехикая. Бұл әйгілі жазушының туындысы бойынша жарық көрген жалғыз телехикаясы емес. Бұған дейін де көпшіліктің көңілінен шыққан "Yapirak dokumu" («Листопад») және басты рөлде түріктің ең көрікті актрисаларының бірі Айдан Шенер түскен "Королeк - птичка певчая" сериалдары үлкен экранға жол тартқан болатын.
Алғашқы сериадан-ақ, өмірдің қиындықтары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың тек тағдырға ғана тәуелді болатынын, сонымен қатар «махаббат» деген ұлы сезімнің кез келген жағдайға, әлеуметтік топқа қарамастан, күтпеген сәтте келетінін көрсетеді.
«Сезім сыңғырының» басты рөлін сомдау, осыған дейін көптеген телехикаяларда, оған қоса 16-ға жуық түрік жарнамасының бет-пердесі болып үлгерген актер Бұрақ Хаққы мен сән әлемінің гүліне айналған, алғашқы шығармашылық жолы "Гюлюм" сериалынан басталған жас актриса Аслы Тандоғанға бұйрыпты.
Басты кейіпкердің образы Түркияға әйгілі Бурак Хаккы сомдайды. Өнер жолын сән әлімінен бастаған ол Италия, Германия, Австрия, Франция және Швейцария сынды Еуропаның үздік қалаларында модель болып жұмыс істеген.
Ал оның сүйіктісі, жүрек қалауындағы ауруды Аслы Тандоган сомдаған. Жоғарғы консерваторияның оркестрында арфада ойнайтын музыкан бұл киноға кездейсоқ түсіпті. Қазір оның кино қорында онға жуық телехикая мен фильмдер бар.
Жақын күндері, тек «31 арнадан», «махаббат» атты ұлы сезімнің күйін шертетін көрсетілім көрермендерге жол тартпақ.
Күнделікті 17:30-да арнамыздан көріңіздер!
18 наурыз 2011
Қыздар-ай, қыздар-ай...

«31 арна» өз көрермендеріне, әсіресе қалжың сүйер қауымға тағы бір жаңа жоба әзірлегенін жеткізеді. Бұл жолы көпшіліктің езуіне күлкі үйіртіп, қуанышқа батыратын топ тек қыздардан құралған «Қыздар-ай» бағдарламасы.
Әзіл-сықақ шоудың әрбір кейіпкері, сіздер мен біздер сияқты, күнделікті тосын оқиғаларға, күлкілі жайттарға тап болып жататын жандар. Сондықтан, «Қыздар-ай» жобасы дәл осындай хикаяға негізделген.
Бүгінгі дамыған заманның әйелдері барлығына үлгереді, яғни таңғы ас әзірлеуге де, күйеуінің жейдесін үтіктеуге де, бала-шағасын оқуына шығарып салып, өзін ретке келтіруге де. Ең бастысы, небәрі бес минуттың ішінде қарапайым үй әйелінен көрікті бизнес ханымға айнала алады. Нәзік жандардың осындай қасиеттерді «Қыздар-ай» бағдарламасының әрбір кейіпкерінің бойынан табатын боласыздар.
Сыланған сылқым, қызық қуған қыз, ашушаң әйел... Бір сөзбен айтқанда, нағыз арулар. Бұл - барлығымыздың басымызда болатын, барлығымыздың бойымыздан табылатын, жасырын болса да, бар қасиет. Өзіміз байқамаспыз, әйел затының бұндай қызықтарына сырт қарап отырып, кез келген адам еріксіз езу тартуы мүмкін.
Сонымен, күнделікті 11:30-да қыздардың қызықты хикаяларын тамашалаңыздар!
10 наурыз 2011
Күліңіз! Сіз, «Ризамын» бағдарламасының басты кейіпкері болдыңыз!

Абайламасаңыз, бүкіл елдің алдында тосын жағдайға тап болып қалуыңыз әбден мүмкін. Десе де, қаншалықты тосын болмасын, оны күліп қабылдағаныңыз абзал. Алайда кейде тіпті, бұған бәзбіреулер ашу шақырып жататын сәттер де кездеседі екен. Өйткені, оның барлығы жай қалжың, яғни «Ризамын» бағдарламасының жасырын камерасы болуы ғажап емес. Расын да да, солай болуы мүмкін.
«Ризамын» бағдарламасының әртістері өз қатысушысын, яғни көрермен, сіздерді кез келген жерде жолықтыра алады. Мәселен, саябақта делік. Сіз алаңсыз кетіп барасыз, сол кезде қасыңызға біреу келіп, досының суретін көрсетіп: «Мына адамды жолықтырмадыңыз ба, бауырым еді, жоғалтып алдым» деп сұрар. Ал оның іздеп жүрген інісі дәл қасында жүр. Енді, сіздің әрекетіңіз қандай болмақ, камера соны бақылайды. Әлде, қолында сөмкесі ауыр бір сұлу қыз сізден көмек сұрайды. Сөйтеді де, ауыр жүгін беріп, өзі таныс жігітімен жетектесіп кете барады. Оған сіз ашуланасыз немес сасып, тосылып, аруға таң қалып қалуыңыз мүмкін. Міне, сол сәтте «Ризамын» бағдарламасының басты кейіпкері болғаныңызды түсінерсіз.
Егер, сіз, осындай сәттерді сырттай бақылағанды ұнаттсаңыз, онда «31 арнаның» ұсынған «Ризамын» бағдарламасын жіберіп алмаңыз. Кім біледі бәлкім, күлкілі жағдайға тап болған танысыңызды немесе жолдасыңызды біздің бағдарламадан көріп қаларсыз. Әлде өзіңізді...
«31-ді» көріп, риза болыңыздар!