2 наурыз 2011
«Талант-шоу». Көңіліңнен шыққан үміткерге дауыс бер!

Баршыңызды6 «31 арнаның» үздік жобасы «Талант-шоуды» көруге шыкырамыз. Көріп қана қоймай, талант иелеріне ақтаған үміткерге дауыс беруге шықырамыз. Ол үшін қатысушының реттік санын 9918 нөміріне SMS-хаттам жолдасыңыздар болғаны.
Сонымен, қатысушылар тізімі:
№ 1 Жансая Бекбатырова
№ 2 Ілияс Жұмабаев
№ 3 Ақбөкен Қалибек
№4 Оразбек Тәттібаев
№5 Айдана Абсамет и Аида Абсамет
№6 Әйгерім Тоқтанаева
№7 Жолдас Шүрменов
№8 Ақерке Қожахмет
№9 Нұрсұлтан Аманжолов
№10 Жасұлан Қанафиев
№11 Шыңғыс Құралбаев
№12 Әлия Пернеқұлова
25 ақпан 2011
"Оскар-2010" біздің арнада

Дүйсенбі күні америкалық кино академия 2010 жылдың үздік туындыларына дәстүрлі «Оскар» сыйлығын табыстайды. Ең танымал актерлер қатысатын салтанатты кеште алтынмен апталған «Оскар» сыйлықтарының кімдерге бұйыратынын білгіңіз келсе, 28-ақпан күні біздің арнаны қосыңыздар.
Кино өнері саласындағы ең беделді сыйлық 24 аталым бойынша тағайындалатын болады. «2010 жылдың ең үздік фильм» номинациясына биыл - «Бастау», «Қара аққу», «Күрескер», «Балалардың жағдайы оңды», «127 сағат», «Қысқы сүйек» пен «Әлеуметтік жүйе» және «Король айтады» сынды бірқатар картиналар күресетін болады. Бұл тізімдегі режиссер Том Хуппердің «Король айтады» картинасы 12 бірдей номинация бойынша ұсынылған. Екінші орында он жүлдеден үміткер ретінде ағалы-інілі Коэндардың «Темірдей ұстасу» туындысы тұр. Ал «Ойыншықтар хикаясы 3» атты анимациялық фильм 2 бірдей номинация бойынша сынға түседі.
Салтанатты кештің тікелей көрсетілімі қазақ-орыс тілдерінде дүйсенбі күні таңғы сағат 5-тен бастап, 31 арна эфирінен тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады.
14 ақпан 2011
«Талант-шоу» жаңа жұлдыздардың бағын ашады

Егер сіз, талантты әрі дарынды, сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі болсаңыз, мың бұралып билейтін биші немесе дауысыңыз шың озған шынайы әнші болсаңыз, бір сөзбен айтқанда көпшілікті таңқалдыратын талан иесі болсыңыз, онда «31-ге келіңіз». Өйткені, 7-ақпаннан бастап, «Талан-шоудың» жаңа көрсетілмі басталды.
Өткен маусымен салыстырғанда бұл жолы «Талан-шоуда» бағын сынаймыз деушілердің саны көп болды. Қазақстанның түкпір-түкпіренен арнамызға қоңырау шалып, бағдарламамызға қатысып көруге ниет білдіргендердің саны жетіп артылды. Ақыры, жалпы саны мыңнан астам үміткердің ең үздіктері іріктеліп алынып, байқаудың бірінші кезеңі өтікізілді. Оған жалаң аяқ әйнек сынығын басып, шегеге жатқа небірі 4 жастағы қатысушыдан бастап, әйгілі тұлғаларға пародия салған, яғни мыңнан озып, жүзден жүйірік аталған үміткерлерідің барлыгы келесі кезеңге жолдама алды.
Ал олардың бағасын беру үшін нағыз талан иелері, қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары - Жеңіс Ысқақова, Нұрдан Абдулли, Сәкен Майғазиев және Жолбарыс Сейфуллин сынды талантты алыстан танитын әділқазылар төрелік етті. Алайда жіңмпаздардың нақты кім болатыннын көрермендердің өздері таңдамақ.
Осылайша, үміткерлеріміз жартылай финалдан өтті. Енді алда ақтық бәсекенің өзі күтіп тұр.
Өз кезегімізде, таланттарымызға сәттілік тілейміз!
Сонымен, әр жексенбі 16:00-де «Талант-шоуды» тамашалаңыздар!
14 ақпан 2011
«Соңғы үмітке» - үлкен бақыт!

40 жастада нағыз өмір басталады. Бұның шындық екенін «Соңғы үміттегі» кейіпкерлеріміз дәлелдеп баққандай.
Сабиха – отыз жастағы өте көрікті келіншек. 18 жасында күйеуге шығып, екі баланың анасы болған ол бар өмірін отбасына арнаған жан. Оған қоса, күйеуінің жұмыс бабымен өзге елде өмір сүруге мәжбүр болған. Десе де, барлығы оның бала күнгі арманындай, тыныш әрі бақытқа толы өтіп жатыр еді. Бірақ күндердің күнінде... Күтпеген сәтте күйеуі қаза болып, қылмысқа белшесінен батқан қарақшы болғаны білгілі болады. Жесір қалған Сабиханың екі баласын жетектеп кері отанына оралуына тура келеді.
Галип – қырықтың қырына шыққан, өңірдегі ең танымал кәсіпкер. Қызметтік жолын типография саласында бастаған ол оған бала күнінен машықтанған еді. Еңбекқорлығы мен өмірде әрдайым қолдау көрсетіп келген басшысы Эшрефидің арқасында ол мектеп бітіріп, жоғарғы білімге ие болады. Сөйтіп бастығының қызы Нүрселге үйленеді. Бірақ отбасында бақытты бола алмады. Өйткені ерке өскен Нүрсел тек өз дегенін орындайтын қырсық қыз еді. Бұл аздай, бала сүйгісі де келмейтін жан. Ақыры шыдамы таусылған Галип, әйелін де, үйінде жалғыз күнде тастап кете барады.
Алайда басты кейіпкерлеріміз оңайлықпен бақытқа қол жеткізе алмайды. Оларды алда әлі талай сынақтар күтіп тұр...
Сонымен, күнделікті 20:00-де «Соңғы үмітті» тамашалаңыздар!
8 ақпан 2011
Эркан Петеккая «Соңғы үмітте»

Жақын күндері, дәлірек айтар болсақ, 10-қаңтардан бастап «Соңғы үміт» телехикаясы өз көрсетілімін бастайды.
Галип – қырықтың қырына шыққан, өңірдегі ең танымал кәсіпкер. Қызметтік жолын типография саласында бастаған ол оған бала күнінен машықтанған еді. Еңбекқорлығы мен өмірде әрдайым қолдау көрсетіп келген басшысы Эшрефидің арқасында ол мектеп бітіріп, жоғарғы білімге ие болады. Сөйтіп бастығының қызы Нүрселге үйленеді. Бірақ отбасында бақытты бола алмады. Өйткені ерке өскен Нүрсел тек өз дегенін орындайтын қырсық қыз еді. Бұл аздай, бала сүйгісі де келмейтін жан. Ақыры шыдамы таусылған Галип, әйелін де, үйінде жалғыз күнде тастап кете барады.
Сабиха – отыз жастағы өте көрікті келіншек. 18 жасында күйеуге шығып, екі баланың анасы болған ол бар өмірін отбасына арнаған жан. Оған қоса, күйеуінің жұмыс бабымен өзге елде өмір сүруге мәжбүр болған. Десе де, барлығы оның бала күнгі арманындай, тыныш әрі бақытқа толы өтіп жатыр еді. Бірақ күндердің күнінде... Күтпеген сәтте күйеуі қаза болып, қылмысқа белшесінен батқан қарақшы болғаны білгілі болады. Жесір қалған Сабиханың екі баласын жетектеп кері отанына оралуына тура келеді.
Тағдырдың жазуымен күндердің күнінде Галип пен Сабиханың жолдары бір арнаға тоғысады. Өмірде көпті көрген, тағдырлас жандардың арасында үлкен сезім пайда болады. Сөтіп, Алла Тағала оларға тағы бір, соңғы үміт сыйлайды.
Басты кейіпкер Галиптін бейнесін сомдаған Экран Петеккая 1971 жылы 12 желтоқсанда тулған. Балалық шағы Стамбул қаласында, Анатолий жағалауында өткен. Анатолий Мемлекеттік Консерваториясын бітірген соң, 1993 жылы Петккая мемлекеттік театрдың қатардығы актерлердің бірі болып қызметін бастайды. 1996 жылы «Тамаша күндер» телехикаясына түскен. Міне, дәл осы уақыттан бастап оның кәсіби актерлік шеберлігі жоғары сұранысқа ие болып келеді.
Галип бейнесімен салыстыра қарағанда Эркан шын өмірде өте бақытты. 6 жасар Чжан есімді ұлы бар. Қазір сүйікті жары екеуі екінші балаларын күтіп жүр.
Күнделікті «31 арнада» кешкі сағат 20:00 «Соңғы үмітті» тамашалаңыздар!
1 ақпан 2011
«31 арна» 2010 жылдың «ең үздік телехикаясы» атанған жаңа түрік туындысын ұсынады

Бұл Нихат Дурак атты түрік режиссерінің өзгеше махаббатты баяндайтын ерекше туындысы. Басты рөлдерде қазақ көрермендеріне «Гюмюш» және «Көкжалдар мекені, тұзақ» телехикаялары арқылы танылған актриса Айча Вирлер мен «Тынық дауылда» басты кейіпкердің образын сомдаған актер Эркан Петеккая ойнайды. Айта кету керек, назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Соңғы үміт» сериалы түрік елінің өзінде үлкен жетістікке жеткен телехикялардың бірі.
Басты кейіпкер Сабиха шығыс әйелдеріне тән бар өмірін күйеуі мен бала-шағасына арнауды ұйғаратын ана, асыл жар. Өмір ағымымен ерте есейген ол 18 жасында тұрмысқа шығып, сүйіктісінің жұмыс бабымен өзге елде тұруға етуге мәжбүр болады. Отбасының ұйытқысы болған оның арманы да үлкен – бақытты әрі еш қайғысыз ғұмыр кешу. Бірақ өмір өз дегенін істеп, Сабиханың арманы басқа арнаға ұласады. «Адал» деп жүрген жары қылмысқа белшесінен батқан сотқар болып шығады. Ақыры өз қылмысының құрбаны да болып кете барады. Шарасыз қалған Сабиха балаларын құшақтап, еріксіз елге қайтуға мәжбүр болады. Оралған соң отбасы қамы үшін жұмысқа орналасады. Алайда, бағы жанып елдегі ең танымал тұлға – Галиб есімді бизнесменнің холдингіне жұмысқа орналасуына мүмкіндік туады. Галиб те Сабиха сияқты өмірде көпті көрген жаны жаралы жан екен. Десе де, тағдырдың жазуымен кездескен екеудің арасында үлкен, шексіз таза махаббат туындайды.
Сонымен, 10-ақпаннан бастап, «31 арнадан» 20:00-де «Соңғы үмітті» тамашалаңыздар!
19 қаңтар 2011
«31 арна» өз жеңімпазын анықтады

«31 арна» өз көрермендері үшін жаңа жыл қарсаңыда «кешкі кино көрсетілімдері» викторинасын ұсынған еді. Бір ай көлемінде жүргізілген вкторина барысындар көрермендерден көптеп жауап түсіп жатты. Тек Алматы қаласынан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласып, сұрақтарға жауап берілді. Өйткені, викторнаның басты ұтысы – плазмалық теледидар болатын.
Десе де, ең белсенді әрі қойылған сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп отырған Алматы қаласындағы Нарбековтар отбасы болды. Дәлірек айтар болсақ, Мұхтар мен Жанна есімді кішкентай көрермендеріміз sms-конкурстың жеңімпаздары атанды. Әкелерінің айтуынша, тек балаларының арқасында енді 7-Қысқы Азиада ойындарын жаңа плазмалық теледидардан көретін болды. Күнделікті кино көрсетілімнен кейін қойылған сұрақтардың жауабын дұрыс тауып отырған кіші Нарбековтар ата-анасының ұлы телефондары арқылы СМС-орталыққа жауап беріп отырған. Сәтін салып, жеңіске де жетті.
Мұхтар, Жанна Нарбековтар, жеңімпаздар:
«Әрине, өте қуаныштымыз. Тіпті жеңімпаз дәл біз боламыз деп ойламадық. «31 арнаға» алғысымыз шексіз.»
Сайыс шарты бойынша, «31-арнадан» берілетін кешкі киноларды соңына дейін көріп, викториналық сұрақтарға жауап беру қажет еді. Ал сұрақ пен жауап нұсқалары фильм соңында эфирге шыққан. Байқауға жалпы саны он мыңнан астам көрермен қатысқан. Сайыста 18 жасқа толған барлық азамат бақтарын сынап көруге мүмкіндік болған еді.
Алдағы уақыттарда да Нарбековтар отбасы тәрізді «31 арнаның» әзірлеген ұтыстарына қол жеткізуге сіздерге де мүмкіндік туады. Ол үшін «31 арнаны» көріп, онда жарияланып тұратын әртүрлі сайыстарға қатысыңыздар, болды!
12 қаңтар 2011
Талантың болса, "Талант-шоуға" кел!

Сен талантты және белсендісің бе? Өз қабілетіңмен әлемді таң қалдырғың келе ме? Онда сенің бағың жанып, жұлдыз атануыңа тамаша мүмкіндік туып тұр.
«31 арна» бойымда талантым тасып тұр деген жанның барлығын «Талант-шоу» жобасына катысуға шақырады.
Толық ақпараттар үшін a.ashatova@31.kz электорнды поштасына немесе 315-30-32 байланыс телефондарына хабарласуға болады.
"Талант-шоу" өз талантын күтеді!