15 желтоқсан 2010
"Менің Қазақстаным" байқауының жеңімпаз анықталды

«Информбюро» жаңалықтары мен «Ұлан» газеті тәуелсіздік күні қарсаңында бірлесе ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты сурет бәйгесі өз мәресіне жетті.
Мектеп оқушылары арасында жүргізілген байқауға елі мен жерін үлкен сүйіспеншілікпен, толғана бейнелеген 100-ге жуық сурет келіп түсті. Солардың ішінен қазылар алқасы «1-ші орынға лайықты» деп Алматыдағы №141 мектептің 5-сынып оқушысы Сымбат Амангелдіні таныпты.
Сонымен қатар, қазылар алқасы байкаудың өзге орындарын да белгіледі. 2-ші орынды иеленген - Гүлдана Жұмадинова мен Нұрқанат Сейдалы, ал 3-ші орындар Нұрбақыт Сұлтанғали, Асылбек Қасқыров пен Айгерім Болатоваға бұйырды. Жүлдегерлер туралы толығырақ «Ұлан» газетінін келесі нөмірінен біле аласыздар.
13 желтоқсан 2010
Үздік журналист

«Информбюро» жаңалықтар қызметінің тілшісі әрі әріптесіміз Ирина Советжанқызы - Қазақстандағы Арбитраж саласы хақында қалам тартып жүрген «үздік журналист» атанды.
Байқау үстіміздегі жылдын 10-желтоқсанында Қазақстандық-Халықаралық арбитраж ұйымының ұйымдастыруымен өткен болаты. Және бас жүлдеге 300 мың, екінші орынға 200, үшінші орынға 100 мың теңгеден тігілген еді. Жалпы ұзын саны 70-ке жуық заң саласына қалам тартып жүрген газет, радио және телевизия журналисттері қатысқан болаты. Алайда, біздің тілшіміз жүзден жүйрік болып озып шықты.
Арнамыздың атынан әріптесімізді бұл жеңісімен құттықтаймыз! Әліде шығармашылықтың биік белестерінен көріне бер дегіміз келеді!
1 желтоқсан 2010
«Менің Қазақстаным» жобасы басталды

«Инфорбюро» мен «Ұлан» газеті бірлесе қолға алған «Менің Қазақстаным» жобасы әлі де жалғасуда. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқауға мектеп оқушылары түгел қатыса алады.
Байқауға оқушылар еліміз бен байтақ жерімізді, тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігі мен жеңістері бейнеленген суреттерді жібере алады. Туындылар «Ұлан» газетінің редакциясына жолдануы тиіс. Байқау жеңімпазы сыйлықтарға ие болып, жаңалықтар қызметі түсіретін сюжеттің басты кейіпкеріне айналмақ. А-4 форматында жіберілген суреттер 13 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы газет бетінде жарияланатын болады.
Толық апараттар үшін мына байланыс телефондарына хабарласыңыздар:
394-42-50, мекен-жайы Абай даңғылы, 143 «Баспалар үйі», 5 қабат 521 бөлме.
1 желтоқсан 2010
«Күзгі жапырақтар» қайта эфирге жол тартпақ

Көпшіліктің сұранысымен «31 арна» аңызға айналған телехикаяны қайтадан назарларыңызға ұсынбақ.
Нағыз сезім мен нәзіктіктің, шексіз романтиканың құшағына жетелейтін, адамның басты байлығы – отбасы бақыты туралы баяндайтын «Күзгі жапырақтар» теленовелласы болмақ. Желтоқсанның 7-жұлдызында «31 арнадан» хикаяны тамашалаңыздар.
«Күзгі жапырақтар» - бұл түріктің ең танымал жазушысы Решат Нури Гюнтекиннің шығармасы желісінде түсірілген жаңа телехикая. Бұл әйгілі жазушының туындысы бойынша жарық көрген жалғыз телехикаясы емес. Бұған дейін де көпшіліктің көңілінен шыққан «Сезім сыңғыры» («Семфония любви») және басты рөлде түріктің ең көрікті актрисаларының бірі Айдан Шенер түскен «Королeк - птичка певчая» сериалдары үлкен экранға жол тартқан болатын.
Ал кезекті бұл оқиғасында бір отбасының бақыты баяндалады. Бес баланың әкесі Әли Риза мен оның әйелі Хайре кішігірім қалада тату-тәтті ғұмыр кешіп жатады. Бірақ күндердің-күнінде ортаншы қыздарының бірі жоғарғы оқуға түсіп, Стамбулда тұруына тура келеді. Қиындық осы сәтте басталады. Бөтен қалаға қызын жалғыз жіберуден бас тартқан әке отбасымен түгел Стамбулға көшуді ұйғарады.
Алайда олар бөтен қала бүйірден теуіп, онда қандай қиындықтарға тап болатынынан бейхабар еді. Бұдан ары телехикаяның қалай өрбитінін «31 арнадан» көріңіздер!
Өндірісі: Kanal D тапсырысы бойынша «Ay Yapım» түсірген
Жанры: Драма
Ұзақтығы: 90 минут
Жоба авторы: Решата Нури Гюнтекин романының желісі бойынша
Сценарий авторы: Эдже Ёренч, Мелек Генчоглу
Қоюшы режиссері: Месуде Ераслан
Бас продюсері: Озлем Юртсевер
Продюсері: Экрем Чатай
Рөлдерде: Халил Ергюн, Гювен Хокна, Бенну Йылдырымлар, Дениз Чакыр, Толга Карел, Хасан Кючюкчетин, Гёкче Бахадыр, Фахрие Эвджен, Гюлер Октен т.б.
Желтоқсанның 7-жұлдызынан бастап «31 арнамен» бірге болыңыздар!
5 қараша 2010
«Күзгі жапырақтар» телехикаясының 4-ші маусымы аяқталды

Қыркүйектен бастап арнамыздан үзбей көрсетіліп келген түріктің аты аңызға айналған «Күзгі жапырақтар» телехикаясының 4-ші маусымы аяқталды. Алайда, күн сайын арнамызға мыңдаған адам қоңырау шалып, сериалдың жалғасын асыға күтетіндіктерін айтып жатыр. Әр сериалды қалт жібермей, оқиға желісін қызығушылықпен қадағалап отырған көзі қырақты көрермен назарына енді жаңа екі туынды ұсынылмақ. Оның біреуі – «Келін» атты түрік сериялы болса, екіншісі – «Ағайындылар» деген корей телехикаясы.
Махаббат пен опасыздық, өмірдің ащы шындығы мен шексіз қуаныш сәттері, шарасыздық пен бақытқа жету жолындағы үзілмес үміт – атақты түрік телехикаясының басты тақырыптарына айналған. Бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие болған «Күзгі жапырақтар» - түріктің әйгілі жазушысы Решат Нури Гюнтекин шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бұдан бұрын арнамыздан көрсетіліп, көпшіліктің көңілінен шыққан «Сезім сыңғыры» атты телехикаят та атақты жазушының туындысы бойынша түсірілген болатын.
Юлия ВИШНЕВСКАЯ, «31 АРНА» ЖШП БАҒДАРЛАМАЛАР ДИРЕКТОРЫ:
«Біздің тіліміз бен мәдениетіміздің бір-біріне ұқсастығы үлкен рөл ойнады. Хикаяттың басты кейіпкерін көрермендер үлкен ықыласпен қабылдады. Біз «Күзгі жапырақтардың 4-маусымының көрсетілімін аяқтады. Алайда осы күнге дейін көрермендер хабарласып, алғыстарын жаудырып жатыр.»
Адам баласының басты байлығы – отбасы бақыты туралы баяндайтын «Күзгі жапырақтар» теленовелласының 5-маусымы әзірге түсірілім үстінде. Ал оған дейін «31 арна» киносүйер қауым назарына бірденнен екі жаңа туынды ұсынып отыр. Бірі - түріктің «Келін» атты сериалы, ал екіншісі - шытырман оқиғалы көрейлік «Ағайындылар» телехикаясы.
Теле нарықты жіті зерттеп, әлемнің «ең үздік» фильмдері мен телесериалдарын талғаммен таңдап отыратын «31 арна» көрерменіне тек тартымды туындыларды ғана ұсынады.
Бұл ретте сіздердің сұрауларыңыз міндетті түрде ескерілетін болады.
4 қараша 2010
Қарашаның сыйы...

Қараша айы «31 арнаның» көрермендері үшін үлкен қуаныш болмақ. Себебі көгілдір экранға бірден екі жаңа туынды ұсынылмақ. Бірі – түрік туындысы «Келін» болса, екіншісі – корейлік қызыққа толы «Ағайындылар» телехикаясы.
Кейде отбасындағы қиындықтар сенің иығыңа түсіп жатады. Сөйте тұра, сен тек соларды ғана ойлайсың, уайымдайсың. Міне, «31 арнаның» көрерменіне жол тартқалы отырған корей телехикасының айтпағы да осы. Отбасындағы кикілжіңдер, сатқындықтар, бір-біріне деген сүйіспеншіліктері мен үлкен махаббаттары «Ағайындылар» сериалында ашық жеткізілген.
Сан Кьёнг – зейнеттегі сақшы және үш баланың әкесі.
Тәжірибелі сақшы әрі қомқор әке ретінде оның бар үміті үлкен ұлы қаржыгер Ган Гэнгте. Бірақ ұлы қателікке көп бой алдыратын жігіт болғандықтан, ақыры әйелімен ажырасып тынады.
Екінші ұлы – Хьюн Чал ешқанда ата-анысының сүйікті баласы болмаса да, бүгінде отбасылық бизнестің тізгінін ұстап келеді және өте сәтті.
Үшінші ұлы – Йи Сангом ең кішісі, бірақ әкесінің жолын қуған құқық қорғау қызметкері. Осылайша айрандай ұйып келген отбасының шырқы кенет бұзылады. Оған себепкер көрікті үш келін болмақ.
Сонымен, 17-қарашадан бастап «31 арнадан» жаңа отбасылық «Ағайындылар» телехикаясын тамашалаңыздар!
27 қазан 2010
Сіздер үшін "Информбюроның" "сенім телефоны" жұмыс істейді

Құрметті көрермендер, егер сіздер қандай да бір тосын оқиға немесе қоғамның келеңсіз жәйттері туралы айтар ақиқаттарыңыз болса, «Информбюро» ақпараттар қызметінің «сенім телефонына» хабарласа аласыздар. Біздің тілшілер сіздер айтқан кез келген мәселені жерде қалдырмай, оған қатысты зерттеу жүргізіп, ашығын айтуға әрқашанда әзір.
Сондай-ақ, ақпарат беруші туралы мәліметтер құпия сақталатынын ескертеміз.
«Информбюроның» сенім телефоны: 8(727) 315-95-31.
Хабарласыңыздар, сіздерді алаңдататын мәселе біздерді де алаңдатады!
21 қазан 2010
«31 арна» көрермендерінің құлағына алтын сырға...

Осы жексенбі, 24 қазан күні назарларыңызға ұсынылатын «Талант-шоу» бағдарламасын енді елге белгілі әнші Алмаз Кішкенбаев жүргізбек. Бойыңызға сіңірген талантыңыз болса, әнші не биші болсаңыз, қылыш жұтып, жанауарларды бағындыра алсаңыз, біздің арнамыздағы жаңа жобадан ерекшеленіңіз.
«Талант-шоу» бағдарламасының дарындарын іріктеудің алғашқы кезеңі аяқталды. Әр жексенбі сайын көрермен көңнілін көтеріп жүрген жобаға, қазірдің өзінде Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана, Алматы және Алматы облысынан келген өнерпаздар бар. Қазақ билерінің ішіндегі бояуы қанық, шоқтығы биік «Қара жорға» «Алашулы» тобының орындауында көрерменнің көңілінен шықты.
Өткен жылы ғана Гиннес рекордтар кітабына енген «Қара жорғаның» біздің елдегі бишілері келесі жылы өз жастарымыздың басын қосуды көздеп отыр.
«АЛАШУЛЫ» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Қара жорға биі бізің ұттың мінезіне сай нағыз жорганың мінезі.»
Бірнеше байқаудың бас жүлдесін еншілеп үлгерген «Арнау» ансамблінің бүлдіршіндері де ересек ағалары мен апаларына кем түспеді.
«АРНАУ» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«31 арнаның» көрермендері, бізге дауыс беріңіздер!»
Әр жексенбі сайын арнамыздан тамашалайтын «Талант-шоу» бағдарламасына он топтан ғана катысады. Таланттар тартысын белгілі әнші Алмас Кішкенбаев жүргізеді.
Бойымдағы талантыммен Қазақстан көрермендерін таңқалдыра аламын десеңіз, онда сізді арнамызда күтеміз. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Тәжібаев көшесі 155.