18 қазан 2010
Келін бейнесіндегі Нургюль Ешильчай

«31 арнадан» жаңа тұсаукесер – түрік телехикаясы «Келін»
Бұл қазақстандық көрермендердің көптен күткен түрік туындысы. Олай деуіміздің себебі, «Асмалы қонақ» сериалында Бахар рөлін сомдаған Нургюль Ешильчай көпшілік көңілін жаулап алған еді. Енді сүйікті актрисаларыңызды «31 арнадан» да көре аласыздар.
Жалпы, «Келін» туындысының негізгі желісі енді ғана келін болып түскен Езо Гелиннін бірден жесір қалуынан басталады. Алайда өжет келін барлық қиындыққа төтеп беріп, өз бақыты үшін күресіп бағады.
Езо жастайынан жетімдікті көп көрген қыз. Өмірдің қиындығы мен ауыр жұмысынан бас ала алмай өссе де көрікті әрі мейрімді бойжеткенге айналады. Бақытына орай ауылдағы ең келбетті Өмір оның жүрегін жаулап, екі жас бас біріктіруді ұйғарады. Ал қызға сырттай ғашық ауылдың бай жігіттерінің бірі Біләл Езо мен Өмірдің бақытына барынша кедергі келтіріп бағады. Алайда бұл әркетінен ештеңе шықпай, ғашықтар шаңырақ көтеріп үлгереді. Күндердің бір күнінде Өмір жол апатына ұшырап, ауыл тұрғындары оны өлдіге балайды. Тек ғашық Езоның ғана жүрегі бұған сенбейді. Сондықтан күтумен болады. Уакыт өте келе арудың үміті де үзіледі. Бірақ сүйіктісіне деген махаббаты тағдырдың сынағынан сүрінбей, мойымай өтуге күш береді...
Режиссері: Улус Байрактар
Композиторы: Ариф Саг
Елі: Турция
Жыл: 2006
Жанры: драма
Рөлдерде: Нургюль Ешилчай, Эркан Север, Мустафа Авкиран, Нихан Окутуху, Макит Сонкан, Энгин Юксель, Халил Кумова
Бұдан ары кейіпкерлердің өмірі қалай өрбитінін 2-қарашандан бастап, «31 арнадан» жебермей көріңіздер!
4 қазан 2010
"Күнәлар мекені" - "31 арнаның" жаңа көрсетілімі!

Телехикаянын басты кейіпкері – ауылдан шыққан Катерина есімді жас қыз. Өмірге құштарлы ауру мектеп қабырғасын тәмамдаған соң бірден қалаға жол тартады. Осылайша арман қуып қалаға келген Катяның басты мақсаты фотокамераның құлағында ойнай болғандықтан, ол жұлдыздардың қайнаған ортасы Мәскеуге тоқтауды ұйғарады. Алайда...
Алайда барлығы оның ойындағыдай болмайды... Мәскеу – бұл қала кез келген жынды өзінің әсемдігімен құштар етеді, сонымен қатар дұрыс жолдан адастырып алып кетуі мүмкін. Себебі үлкен шаһар – үлкен жетістікке, үлкен ақшаға әкелетін жол жетелйді. Ал ақша мен жетістік жүрген жерде күнәһар жандардың да жүретіні белгілі. Күнәһар болмасаңды, болып кетуін ғажап емес. Телехикаяның басты айтпағы да осы.
Сценарий авторы : Татьяна Арцеулова, Анна Суворова
Қоюшы режиссері: Ольга Субботина
Қоюшы оператор: Вадим Бузуев
Композиторы: Дмитрий Рыбников
Ролдерде: Дмитрий Нагиев, Екатерина Олькина, Виктория Толстоганова, Илья Носков, Александр Яцко, Любовь Толкалина, Андрей Ильин, Анастасия Макеева, Эвелина Блёданс, Светлана Иванова, Андрей Кузичев, Ксения Баскакова, Сергей Мухин, Татьяна Лютаева және т.б.
Сонымен, 11-қазаннан бастап, «31 арнадан» жаңа «Күнәлар мекені» сериалын тамашалаңыздар!
29 қыркүйек 2010
«Әзіл-студио» көрермендері үшін сүйінші!
Тартымды, езу тартар, жеңіл әзілдерімен көрерменнің назарын өзіне қаратқан «Әзіл-студиосы» алғашқы ДВД дискісін жарыққа шығарды. «31-ші» талеарна эфирінде 1 жылдың ішінде сәтті шыққан жоба ретінде көзге түскен Нұрлан Қоянбаевтың шағармашылық тобы бұл әзіл-сықақ жинағының тұсау кесерін «Меломан-гранд» дүкенінде өткізді.
Әзілкештер бір жылдың көлемінде 1600-ден астам көрініс түсірсе, жинаққа «ең қызықты» деген 80 сюжет алыныпты. Сондай-ақ, өткен маусымның таңдаулы әзілдерін іріктеп, диск етіп шығаруға көрермен сұранысы да себеп болған.
Нұржан Мұхамеджанова, «31 арнаның» бас директоры:
«Мен ойлаймын, «Әзіл-студионы» тек қана «31-ші» телеарна көрермендері емес, енді біздің еліміздің түкпір-түкпіріндегі «31 арна» толқыны жетпей жатқан көрермендеріміз де көріп көзайым болады ғой деп ойлаймын»
Бағдарламаның әр шығарылымы қарапайым адамдар өмірінде кездесіп жататын көптеген күлкілі бейнесюжеттерден тұрады. Ұзақтығы 1 минуттан аспайтын көріністердегі іс-әрекет әр түрлі ортада – көшеде, кеңседе, вокзалдар мен дүкендерде түсірілген.
Нұрлан Қоянбаев, «Әзіл-студиоә жобасының жетекшісі:
«Алғашқы DVD дискіміз бұл енді «бірінші» деп жазылып тұр. Сондықтан да біз екіншісін, үшіншісі, Құдай қаласа, шығарамыз. Өйткені дәл қазір біз жаз бойы үйде отырмай тағы да бір көптеген әзілдер, сюжеттер жаздык. DVD дискісін дайындап жатырмыз.»
Сатира серілірінің өнеріне тәнтті болған мерекелік іс-шараға қатысушы қонақтар әртістерден көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, көгілдір экраннан әзілді сюжеттерін тамашалады. Ал, әзілкештеріміздің алғашқы туындысы дүкен сөрелеріне қойыла бастағаннан-ақ, көпшіліктің қызығушылығын арттырды.
14 қыркүйек 2010
"31 арнаның" 2010-2011 жылдарға арналған жаңа жобалары

«31 арна» жаңа маусымда көрерменді өз жобаларының қызықты қалжыңдары, аты аңызға айналған шетелдік телехикаялар мен голливудтық блокбастерлермен тәнті етпек.
«31 арна» өз бағдарламаларын дайындауға жыл сайын ерекше мән береді. Әсіресе, қазақ тіліндегі тартымды хабарларға ыждаһатты көңіл бөлу арнаның дәстүріне айналған. Бұл бағытта биылғы жылы да бірнеше жоба қолға алынды. Ал, «Теңге ВОХ» және «Талант ШОУ» бағдарламалары эфирге шығып та үлгерді.
6 қыркүйектен бастап, аптасына бес күн (дүйсенбі-жұма күндері 15:00-де) «Теңге ВОХ» интеллектуалды викторинасы көрсетіле бастады. Викторинаға танымал «жұлдыздар» мен қарапайым көрермендер қатар қатыса алады. Бұл ойында жеңіске жету үшін 10 сауалға дұрыс жауап берсеңіз жеткілікті.
Көңілашар, әзіл-сықақтық «Талант ШОУ» бағдарламасы халық арасында жүрген суырыпсалма өнерпаздардың сайысы. Әр жексенбі сайын 12:30-да болатын бір сағаттық бағдарламаға актерлер, музыканттар, ақындар, бишілер, «кернейші-сырнайшылар» қатысып отырады. Әр хабарда нақты бір тақырып бойынша табанастында өнер көрсету бағдарламаның басты шарты.
Жаңа маусымда сонымен қатар, дәстүрлі бағдарламалар да жаңа ізденіс, жаңа леппен іске кірісіп отыр.
Бізге ғана емес, ТМД көрерменіне КВН арқылы танылған Нұрлан Қоянбаев жетекшілік ететін «Әзіл-студио» жобасы 2009 жылдан бері ел назарына іліккен бағдарламаның бірі. Әп-әдемі әзілдерге құрылған, халықтың өміріндегі түрлі мінездерді айнытпай салатын бұл скетчтер кім-кімді болсын езу тартқызары анық. Бұл жобаның көрілім үлесі (11,9 %) тіпті арнаның орташа үлесінен (11,2 %) де асып түседі. Ал, жаңа маусымда «Әзіл-студио» тіпті ерекше сықақтарын тарту етпек. Олар тіпті DVD диск түріндегі жинақтарын да шығарып үлгерді.
Халықтың сүйікті бағдарламасына айналған, редакция телефонына тыным бермейтін хабардың бірі – «Жұлдызбен жүздесу». Эстрада әншілерінің сырлы сұхбатының жүргізушісі ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-сазгер Нұрлан Еспанов. Бұл жоба да жаңа маусымдағы жаңалықтарының алғашқы нұсқасын көрерменге паш етіп үлгерді.
«Базар жоқ!» - талантты сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың концерттік тартуы. TNS Gallup Media Asia мәліметі бойынша, бұл шоу әр көрсетілім сайын 14,2 % үлесінен төмен түскен емес.
Былтырғы жылы «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасы жаңа форматқа ауысқаны әркімге мәлім. Ал, биылғы жылы сол өзгерістер жалғасын тапты. «Информбюро» эфирге (қазақша – 19:00, орысша – 21:00) көрілімді уақытта шығатын болды. Тілшілердің ақпарат таратудағы ізденісі де жаңа бағытқа көшті. 2009 жылы «Информбюро» еліміздегі барлық жаңалықтар бағдарламасының арасында екінші орынға ие болды. «Информбюроның» биылғы жаңалығы тілшілердің әрқайсысы «37 керемет», «Сау болыңыз!», «Түнгі Алматы сырлары», «Mobile-жаңалықтар», «Классные истории», «Хорошие истории», «Необычные истории» сияқты қызықты айдарларды тұрақты түрде жүргізіп отырмақ.
Күзгі маусымда көрермендеріміз асыға күтетін шетелдік телехикаялар өз жалғасын табады. Хикаялардың арасында түріктің аңызға айналған «Күзгі жапырақтар» сериалын ерекше атауға болады. Хикаяның басты қаһарманы Әли Рыза туған балаларының бірінен соң бірінің әулетінен үзіліп түскен жапырақ сынды алыстап бара жатқанын көруге мәжбүр болады.
Көрермендер үшін тағы бір тосын сый - корейлік ең үздік сериал «Ва-Банктың» «31 арнадан» көрсетілуі. Драмаға толы тағдырлар мен махаббат хикаясы сериалдың адамзаттық құндылықтарды қадір тұтатын көрерменге арналғанын айғақтайды. Осы уақыт аралығында «Папины дочки» сериалының да өз көрермені қалыптасып үлгерді. Бұл хикаяның соңғы маусымында халық көптен күткен ерке қыздардың әкесі шаңырағына қайтып оралады. Келген бетте ол бойжетіп қалған қыздарының тәрбиесін қолына алады. Бұл сериалдың сәтті шыққаны соншалық, 19 тамызда Германияның DAS VIERTE арнасы хикаяның неміс көрерменіне лайықталған нұсқасының премьерасын жасады.
«31 арна» кішкентай балаларға арналған дүниелерге де айрықша көңіл бөледі. Биыл бүлдіршіндерді жексенбі күні берілетін «Синбад-жиһанкез» сериалы мен қазақ және орыс тілдеріндегі қызықты мультфильмдер күтіп тұр. Осы арада Дисней мультфильмдерінің қаһармандары ең бірінші 2008 жылы «31 арнада» «қазақ тілінде сөйлей бастағанын» айта кеткен орынды.
Әдеттегідей кешкілік эфиріміз әлемнің ең үздік кинофильмдеріне толы болмақ. Бұл – біздің арнаның дәстүрі іспетті дүние. Ал, жексенбі күндері классикаға айналған немесе жаңадан шыққан үнді және ресейлік фильмдері әрқашан көрерменге арналған тартуымыз болмақ.
«31 арна» - Сіздің шаңырағыңызға шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаушы арна!
25 тамыз 2010
"31 арнада" тұсаукесер - "Күзгі жапырақтар" теленовелла көрсетілімі
Күздің алғашқы күндерімен бірге «31 арна» көрермендеріне жаңа маусымның бірге жеткенін хабарлайды. Оған дәлел, нағыз сезім мен нәзіктіктің, шексіз романтиканың құшағына жетелейтін, адамның басты байлығы – отбасы бақыты туралы баяндайтын «Қоңыр күз» теленовелласы болмақ. Қыркүйектің 6-жұлдызында «31 арнадан» жаңа хикаяны тамашалаңыздар.
«Қоңыр күз» - бұл түріктің ең танымал жазушысы Решат Нури Гюнтекиннің шығармасы желісінде түсірілген жаңа телехикая. Бұл әйгілі жазушының туындысы бойынша жарық көрген жалғыз телехикаясы емес. Бұған дейін де көпшіліктің көңілінен шыққан «Сезім сыңғыры» («Семфония любви») және басты рөлде түріктің ең көрікті актрисаларының бірі Айдан Шенер түскен «Королeк - птичка певчая» сериалдары үлкен экранға жол тартқан болатын.
Ал кезекті бұл оқиғасында бір отбасының бақыты баяндалады. Бес баланың әкесі Әли Риза мен оның әйелі Хайре кішігірім қалада тату-тәтті ғұмыр кешіп жатады. Бірақ күндердің-күнінде ортаншы қыздарының бірі жоғарғы оқуға түсіп, Стамбулда тұруына тура келеді. Қиындық осы сәтте басталады. Бөтен қалаға қызын жалғыз жіберуден бас тартқан әке отбасымен түгел Стамбулға көшуді ұйғарады.
Алайда олар бөтен қала бүйірден теуіп, онда қандай қиындықтарға тап болатынынан бейхабар еді. Бұдан ары жаңа телехикаяның қалай өрбитінін жаңа маусымда «31 арнадан» көріңіздер!
«Қоңыр күзді» «31 арнамен» қарсы алыңыздар!
Өндірісі: Түркия
Идея авторы: Решата Нури Гюнтекин шығармасының желісі бойынша
Рөлдерде: Халил Ергюн, Гювен Хокна, Бенну Йылдырымлар, Дениз Чакыр, Толга Карел, Хасан Кючюкчетин, Гёкче Бахадыр, Фахрие Эвджен, Гюлер Октен және т.б.
23 тамыз 2010
«Талант-шоу» жобасына Beeline, Kcell, NEO абоненттері үшін SMS-дауыс беру ережелері:

1. Sms-дауыс берудің негізгі ережелері:
2. Дауыс беру құны:
3. Дауыс беру ережелері:
4. Дауыс беру қорытындысын жүргізу:
5. Қорытынды шешім:
20 тамыз 2010
6-қыркүйек – «31 арнада» көптен күткен көрсетілімдер шеруі басталады

Жаңа маусымда, тек «31 арнадан» көріңіздер! Зарыға күткен Восницовалардың әкесі оралды. Енді ол балаларының тәрбиесін қайтадан өз қолына алмақ. Оған қыздардың да қуанышында шек жоқ.
"Панины дочки" - телехикая үлкен экранға жол тартқан үш жылдың ішінде кербез Маша, біліп туған Галина, бейформалды Даша, спортсмен Женя және қылығы тәтті Пуговка көпшіліктің көңілін баурап алғаны белгілі. Тек Қазақстанның ғана емес, бүтіндей ТМД елдері сүйіп көретін телехикаяға ұласты. Олардың әр басқан қадамы, тіпті өзара ұрысып қалуы да, ғашық болуы да, ержетулері де ерекше қызықты сюжетпен өрбіп отырды. Мәселен, осы уақыт аралығында Галя ІІМ академиясына оқуға түссе, Маша нағыз ұстазға айналды. Даша болса, ерсі қылықтарын артта қалдырып, сүйіктісі Веникке күйеуге шығып үлгерді. Женя мұхит асып, Америка төрінен бір-ақ шықты. Ал ең кішкентай кейіпкеріміз - Пуговка әліде балалық тәтті қылықтарымен қуантып келеді.
Енді әкелелері келді. Бәлкім, барлығы өзгерер. Себебі қыздар әкелерін өте ұзақ күткен еді.
Тағы бір айтар... Ең бастысы, көрермендерді үлкен той күтіп тұр. Арада қанша уақыт өтседе, ескі реніштерін ұмытқан әке мен ана арасында махаббат оты тұтанады. Одан ары оқиға қалай өрбиді оның күнделікті арнамызды қалты жібермесеңіздер, толығырақ білетін боласыздар!
Дүйсенбі-бейсенбі аралығында 21:30-да!
20 тамыз 2010
Жаңа "Жұлдызбен жүздесу"

Жаңа маусынан бастап арнамыздың үздік жобаларының бірі – «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы көрермендер үшін жаңа сый әзірледі. Осы уақытқа дейін, яғни 2009 жылы Қазақстан телевидения салысындағы «ең үздік тележоба» номинациясын жеңіп алған бағдарлама, өнер сүйер қауымның да көңілінен шығып үлгерген еді.
Енді «Жұлдызбен жүздесу» көпшілікті сүйікті жұлдызымен қауыштырып қана қоймай, сонымен қатар шоу-бизнес саласындағы тың әрі жаңа жаңалықтардан да үздіксіз хабардар етіп отырмақ.
Бағдарлама форматындағы тағы бір басты өзгеріс - «қонақ кәде». Яғни студияға келген жұлдызды тұлға, әсіресе әншілер қауымы тірі дауыста ән шашу тарту етпек. Дәл осы арқылы сіздер өнер иелерінің шын бағасын беруге мүмкіндік аласыздар. Сонымен қатар, студияға арнайы келген көрермендердің де сұрақтары тасада қалмай, жұлдыздардың тұщымды жауаптарына ие болып жатады.

Сонымен, жаңа маусынан бастап, Нұрлан мен Федержан сіздерді «Жұлдызбен жүздесудің» жаңаша жаңалығымен таныстыруға асығуда.