Түсіндірмелер
Аудитория (Audience)
Құпия рейтинг саны. Бұл пайыз көрсеткішіне емес, адам санына қатысты берілген баға, шамамен мың адам пікірі.
Cost
Белгіленген баға көрсеткіші негізінде эфирге шыққа жарнама роликтерінің жалпы құны.
CPT – бір GRP құны
Қолданылған GRP бойынша жоспарлаған шығын көрсеткішінің қатынасы.
CPT Viewers – мың адам құны
«Мың адам құны» - жалпы эфирден берілетін белгілі бір бағдарламаны жалпы мың адам көрді деп есептесек, «жаулап алу» саясатының құны олардың топтық сараптамасы арқылы немесе жалпылай топтың әлі көріп, сараптама жасап үлгермеген бағдарламасына жұмсайтын шығын көрсеткіші. Бұл Cost, яғни жұмсалған шығынның Reach катынасы тең.
Frequency
Жалпы жарнама компанияларының аясындағы жарнамамен байланыс құралдарының орташа жиілігі.
Frequency distribution (N+)
Жиілік таралымы. Белгіленген жиілік (N+) деңгейінде жарнама роликтерін көрген жалпы топтың пайыздық көрсеткіші. Frequency distribution (1+) = Reach%.
GRP (gross rating points)
Жалпы рейтнг көрсеткіші (GRP) – жарнама компанияларының аясында жарық көрген жарнамалар рейтингісінің жиынтығын.
Аффинити (Affinity Index)
Жалпы аудиторияның негізгі аудиторияға рейтинг көрсеткіші бойынша пайыздық қатынасының индекске сәйкестігі. Мысалы, аймақ, аудан т.б. Оны жалпы аудиторының негізгі аудитриядағы рейтингісін бөлу арқылы есептейміз және 100 көбейтеміз.
Брендинг (Имиджевая реклама)
Брендинг – бұл үрдіс құрылымы, яғни тұтынушы белсенділігі арқылы сауда маркасының бейнесі мен танымалдылығын артыруға итермелеу.
Көру мүмкіндігі (OTS - opportunity to see)
Жарнама хабарламасы көру мүмкіндігінің бір ретке (мың адамға) шаққандағы саны. Бір көрсетілімге сәйкес OTS әрқашанда Reach дәл осы сәттегі қатынасқа тең. Ал OTS бірнеше көрсетілімі Reach-тің эфир көрсетілімне тең. Reach есебіне қарағанда, OTS есебінде әрбір көремен көрермен бір реттен ғана есепке алынбайды, керісінше шын мәнінде ол қанша рет көрсе сонша рет есепке алынады.
Күнделік панелі (Diary Panel)
Ақпарат жинау әдісі. Бұл пікір білдіруші еш көмек қажетсінбестен ұзақ мерзім барысында күнделігіне ұнаған көрсетілімін іріктеп, қызықты сұрақтар толтырып отыруы.
Үлес (Share)
Аудитория үлесін белгілі бір бағдарламаны көрушілердің жалпы теледидар көрушілер санымен, олардың қатынастық пайыз көрсеткіші құрайды. Рейтингге қарағанда үлес теледидарын қосқан адамдардың пайыз көрсеткішін береді.
Ко-брендинг
Брендтті қолдау, эфир логотипінің (СТС+жергілікті географиялық атауы) таралымы, сонымен қатар ортақ фирмалық үлгі жүйесіндегі шараларды ұйымдасту кешені.
Медиажоба
Бұл сізің жарнамаңыздың жалпы таралым жобасы бойынша негізделген құжат. Бұл құжаттан төмендегідей сауалдарға жауап табуға болады: қайда тарату, қандай аудиторияны қамту, қалай және қаншалықты жиі тарату, оған қанша қаражат жұмсау керек? Медиажоба медиаорталықтарында жүргізілген көптеген сараптамалар мен анализдердің қортындысы бойынша жүзеге асады.
Жаулау % (Reach%)
Эфир барысында өнімді 1 минуттан кем көрмеген жалпы топтың пайызы.
Мың адамды жаулау (Reach)
Reach көрсеткіші есептеледі. Бұл оның пайыздық көрсеткішіне емес, адам саны, яғни мың адам.
Панель (Panel)
Тәжірибе жүргізу мақсатында жасақталған адамдар тобы. Панельдік тәжірибе жүргізудің басты мақсат – белгіленген уақыт аралығында әр субъектіден үздіксіз жауап алып отыру. Бұл әдіс телевидения мен радио саласында жүргізіледі. Тәжірибе барысында ақпараттар арнайы күнделік немесе people meter құралы арқылы алынып отырады.
Пипл Метр панелі (People Meter Panel)
Әр тәжірибеге қатысу мүшелердің теледидарды қосып, өшіріп отыруын электрондық әдіс арқылы бақылап отыруы. Бұл өте тиімді әдістердің бірі. Себебі әрбір тәжірибеге қатысушылардың үйіндегі теледидарға арнайы бақылаушы құрал қондырлады. Бұл құралдар тәулік бойы арналар көрсетілімін бақылап тұрады. Сонымен қатар әр отабыс мүшесіне жеке-жеке қондырылған кнпкалы ортақ басқару құралы (пульт) бар. Бұл тәжірибеге қатысушылардың қосулы тұрған теледидары бар бөлмеден кіріп-шығуы барысында отыруға мүмкіндік береді.
Желідегі әріптестер
Желіге шығуға мүмкіндігі бар аймақтық телеарналар.
Прайм-тайм (Prime-Time)
Мүмкіндігінше жоғары көрсеткіште көрермен жинауға мүмкіндік беретін кешкі эфир уақыты.
Пресс-релиз
БАҚ-на телеарна туралы мәлімет беретін ақпараттар жиынтығы.
Аймақтық телетаралым
Көрсетілімдер таралымына толық лицензиясы бар аймақтық телекомпаниялар.
Рейтинг (TVR)
Рейтинг – аудиторияның пайыздық көрсеткіші.
Бір желідегі телеарналар
Тәуелсіз телеарналардың әріптестік негізде құралған таралымы.
Желі
Тәуелсіз аймақтық телеарналар негізгі аранының өнімдері өз өңірлерінде бір желіде таратуы.
Техникалық тұрғыдан ену
Телерадио қабылдағыш құралында белгілі бір арнаны қабылдаудың қала мен ауыл-аймақтардағы пйыздық көрсеткіші.
Жалпы аудитория
Жаранам компаниясы назарын алып отыраған білгілі бір адамдар (тұтынушылар) тобы.
Жалпы телеарна аудиториясы
Телеаран назарын алып отарған белгілі бір адамдар (көрермендер) тобы.