Тарихы

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ: 1992-2009 жж.

1992 жыл, 24-қазан – «31 арна» ТРК-ның негізі қаланды.


1993 жыл, 12-сәуір – «31 арна» алғаш эфирге шықты.


1994 жыл, 5-қазан – «Радио 31» алғашқы таралымы.


1995 жыл, 12-маусым – «31 арна» ТРК мен «Internews Network Қазақстан» халықаралық компаниясының өзара әріптестігінің негізі қаланды.


1997 жыл, 18-ақпан - «31арна» ТРК тендерді жеңіп алып, Алматы қаласы мен облысы аумағында таралым құқығына ие болатын шектеусіз лицензия берілді.
1997 жыл, 1-маусым – «Музыкалы арна 31» жастар хабары эфирге шықты.
1997 жыл, 3-қыркүйек – «Информбюро» жаңалықтарының эфирге шыққан күні.


1998 жыл - «Сезон», сәл кейінірек «Сезон ДМ» журналдары жарыққа шықты.
1998 жыл, 7-наурыз - А.М. Байтасовтың авторлығындағы «Центр внимания» бағдарламасы шықты.


2000 жыл, 5-тамыз – радионың жаңалықтар бөлімінде «Информбюро – Радио 31» бағдарламасы шыға бастады.
2000 жыл, 7-қараша - «Мегаполис» апталық газетінің алғашқы саны шықты.


2001 жыл, 1-ақпан – «31 арна» ТРК Қазақстанның 14 қаласынан тұратын жалпыұлттық желі құрды.
2001 жыл, 7-ақпан - «Мегаполис-Недвижимость» апталық газетінің алғашқы саны шықты.
2001 жыл, 7-наурыз - «31 арна-Астана» телекомпаниясы эфирге қосылды.
2001 жыл, 25-шілде - «31 арна» эфирінен жаңа «Қазақстандық тор-20» музыкалық жобасы жіберілді.


2002 жыл, 15-сәуір – Б. Уәлидің авторлығымен қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерді қозғайтын «Еркін сөз» бағдарламасы қазақ тілінде шыға бастады.
2002 жыл, 16-қыркүйек – «ТАҢ» телекомпаниясы «31 арна» медиахолдингіне енді.
2002 жыл, 28-қараша - «Мегаполис за рулем» апталығының алғашқы саны шықты.


2003 жыл, шілде – таралым сандық форматқа көшірілді және таралу аумағы ұлғайтатын Intelsat 904 спутнигінің жіберілуі (енді «31 арнаны Орталық Азия қалалары көре алады).
2003 жыл, 7-қыркүйек - «Состояние.kz» сараптамалық бағдарламасы эфирге шықты.


2004 жыл, 7-желтоқсан - республикалық «Город» күнделікті газеттің алғашқы саны жарық көрді.
2004 жыл, сәуір – қазіргі заманға сай телевизиялық құрылғылармен жабдықталған жаңа студиялық кешен пайдалануға берілді.
2004 жыл, қазан - «Радио 31» өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлады. Үлкен салтанатты мерекені 70 мыңнан астам халық тамашалады.
2004 жыл, 20-желтоқсан – Интернет желісінде «31 арна» ТРК жаңартылған сайты қазақ және орыс тілдерінде өз жұмысын бастады.


2005 жыл - «Радио 31» аймақтық таралым желісін дамыта бастады.
2005 жыл, 12-шілде - «Радио 31» жаңартылған сайты пайдаланушылар үшін өз жұмысын бастады.
2005 жыл, 1-тамыз - «Радио 31» 102,9 жиілікте Талдықорғанда тарала бастады.
2005 жыл, 1-қараша - «Радио 31» 103,6 FM жиілікте Екібастұз қаласында арнайы таралымын бастады.
2005 жыл, 9-қыркүйек - «Бизнес & Власть» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.


2007 жыл, 7-тамыз - «31 арна– Петропавл» төртінші филиалының қосылуы


2008 жыл, ақпан – әріптесіміз «СТС Медианың» өндірісіндегі «Галилео», «Истортя в детальях» сынды бағдарламалары мен танымал мультфильмдер топтамалары эфирге шыға бастады. Ал «31 арнының» өз өндірісіндегі «Замандастар» жастар бағдарламасы эфирге жаңа ойын-сауықтық форматта жол тартты.

2008 жылы, 1-ақпан – ТРК «31 арна» мен «СТС Медиа, Инк» өзара келісім шартқа қол қойды. Онда «31 арна» ойын-сауық бағытындағы ұстана отыры, жаңа форматта «СТС Медия» өндірісінің бағдарламалары мен сериалдары таралымына 20 пайдық көрсетілімге сөз байласты.

 2008 жыл, наурыз – қазақстандық жұлдыздар мен оқушылардың қатысуымен «Самый Умный Взрослый» және «Самый Умный Ребенок» бағдарламалары шыға бастады.

2008 жыл, қыркүйек – «Ранетки» жастар сериалы өз көрсетілімін бастады.

2008 жыл, 3-қыркүйек – эфирге жаңа форматта еліміздің басты жаңалықтарын қамтитын «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы шықты.

2008 жыл, 15-қазан – алғаш рет «31 арнаның» әріптестері мен тұтынушылары басын қосқан «Достық клубы» аясында кездесу болып өтті.

2008 жыл, 20-қазан – жас жеткіншектерге арналған «Ранетки» сериалын қолдау мақсатында промо-акция жүргізілді.

2008 жыл, 11-қараша – жаңа маусым қарсаңында  «Ғажайып елінде» атты графикалық безендірілумен «31 арна» эфирге шықты. 

2008 жыл, 13-қараша – «31 арна» футболдан УЕФА-ның чемпиондар лигасының көрсетілімін ашты.

2008 жыл, желтоқсан – эфирге ауа-райының жаңа графикалық көрсетілімі шықты.

2008 жыл, 29-желтоқсан -  «31 арна» жұлдыздар сырына жол ашатын «Сырласайық!» атты бағдарлама аралық жаңа өнімін шығаруға мүмкіндік алды. Бұл Ресейде «Скажи!» деген атпен танымал болып үлгерген француз бағдарламасының қазақша нұсқасы еді.

 

 

2009 жыл, қаңтар – эфирге ойын-сауқтық, сұхбат негізіндегі бірегей бағдарлама «Жұлдызбен жүздесу» жарыққа шықты.

2009 жыл, 22-ақпан – УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының көрсетілімі өз жалғасын тапты.

2009 жыл, наурыз – аударма бөлімі ауқымын кеңейтті. «Күлегештер» деген жаңа атаумен «Смешнее, чем кролики» әзіл-сықақтақ скетч-шоуы қазақ тіліне аударылып, эфирге шыға бастады.

2009 жыл, 20-сәуір – алғаш рет «31 арнадан» түрік телехикаялары көрсетіле бастады. Жаңаның басы болып қазақ және орыс тілінде «Өрт шалған ұя» сериалы шықты.

2009 жыл, 28-сәуір – «31 арна» «Достар Клубының» екінші кездесуін өткізді.

2009 жыл, 29-масым – жаңа отабасылық «Шаг за шагом» телехикаясы көрсетіле бастады.

2009 жыл, тамыз – қазақ тіліндегі «31 арнаның» бірден үш төлтуындылары жарыққа шықты. Олар: қоғамдық маңызды тақырыптарды қозғайтын ток-шоу «Пікір алаңы», иетеллектуалдық ойын-сауықтық «Білгірлер бәйгесі» және 2011 жылғы 7-қысқы Азияда ойындарына дайындық барысымен таныстыратын тележурнал «Биік мақсат».

2009 жыл, қыркүйек – эфирге тек қазақ тілінде жаңа әзіл-сықаққтық скетч-шоу «Әзіл-студио» және «Әңгіме болсын» атты екі бағдарлама жұмысын бастады. Сонымен қатар, жаңа маусымда жастарға арналған скет-шоу «Даешь, молодежь», көпшіліктің сүйікті көрсетіліміне айналып үлгерген «Моя прекрасная няня-2» телехикаясының «Тойдан кейінгі өмір» атты топтамасы жарық көрді.      



ЖҮЛДЕЛЕРІ: 1992-2007 жж.

1996 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Путь в поднебесье» бағдарламасы (үздік спорт бағдарламасы есебінде), сондай-ақ «Marlboro еліне саяхат» бағдарламалары (оқу-танымдық бағдарлама есебінде) ие болды.

1997 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Реактивное утро» хабары, «Радио 31» (ойын-сауықтық бағдарламасы ретінде), «Сезон» хабары (үздік ағартушы бағдарлама есебінде), Арманжан Байтасов – танымдық бағдарламалар циклы үшін лауреат атанды. Андрей Солпов –үздік саунд-дизайнер, Роман Райфельд – «Радио 31» үздік жүргізушісі атағына ие болды.

1998 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Радио 31» (үздік аудиоджингл ретінде)
1999 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Центр внимания» бағдарламасы (үздік сараптамалық бағдарлама есебінде)

2000 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде)
2000 жыл - «Алтын Адам –Жыл адамы» фестиваль-конкурсында Арманжан Байтасов «Жыл жетекшісі» номинациясын жүлделенді.
2001 жыл - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде)

2005 жыл, 30-наурыз - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Радио 31» (үздік радиостанция ретінде)
2005 жыл, 30-наурыз – Журналистикаға қосқан ерен еңбегі үшін ҚР журналистика академиясының ең үздік жүлдесімен Арманжан Байтасов ( «31 арна» медиахолдингінің президенті, «Центр внимания» аналитикалық ток-шоуының авторы және жүргізушісі), Жанна Ахметова (тақырыптық бағдарламалар редакциясының бас редакторы, «Личность» хабарының авторы және жүргізушісі) марапатталды.
2005 жыл, 20-сәуір – ТМД аумағындағы ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда қосқан үлесі үшін «ДРЕВО ДРУЖБЫ» медалімен Жанна Ахметова (тақырыптық бағдарламалар редакциясының бас редакторы) марапатталды, ал оның «Личность» авторлық хабары Достастық елдері арасындағы үздік хабар ретінде танылды.
2005 жыл, 10-мамыр - Севастополь қаһарман қаласында өткен халықаралық «Победили вместе» телефестивалінде «31 арна» ТРК-ның «Эхо Победы» жобасы «Жастардың патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесі үшін» атты арнайы сыйлығына ие болды.

2006 жыл, 12-сәуір - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде), «Центр внимания» бағдарламасы (үздік сараптамалық бағдарлама есебінде), «Дода» ток-шоуы (үздік ток-шоу)
2006 жыл, 11-қазан - «31 арна» ТРК Екінші халықаралық «Достастықтың үздік бағдарламалары» телевизиялық сайысында Санкт-Петербургтің губернаторы Валентина Матвиенконың «Әлемдік мәдени мұраны сақтауда қосқан үлесі үшін» марапатталды.

2007 жыл, 12-сәуір - Журналистика саласындағы "Алтын Жұлдыз" жүлдесін «Бизнес & Власть» басылымы (ең үздік іскер басылым), «Состояние.KZ» хабары (ең үздік сараптамалық бағдарлама) «Жақыныңа жәрдемдес» хабары (ең үздік әлеуметтік бағдарлама) иеленді.
2007 жыл, 12-сәуір - Сейдахмет Бердіқұлов атындағы құрметті сыйақы мен “Қазақстандағы 2006 жылдың үздік спорт журналисі” атағына «31 арна» ТРК журналисі Павел Цыбулин ие болды
2007 жыл, 14-маусым – «Радио 31» директоры Сәбит Сүлейменов 2001 жылдан бастап Ресейде өтіп келе жатқан «Медиа-менеджер 2007» ұлттық бәйгесінде лауреат атанды. Жүлде медиабизнестегі маңызды оқиғалар мен құбылыстарды таратуда менеджменттегі кәсібилік пен шеберлілікке негізделген.
2007 жыл, 07-қыркүйек - «Радио 31» радиотаралым аумағындағы кәсіби жетістіктері үшін әлемнің орыстілді радиоарналары арасында өткізілетін Халықаралық Кәсіби Попов сыйлығының лауреаты атанды.

 

2009 жыл, мамыр - «31 арна» Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Бүгінгі Қазақстан» және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын нәсихаттау барысында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттқа ие болды.

2009 жыл, 26-маусым – «Нұр-Отан» партиясы тарапынан арнамыздағы Нұрлан Еспановтың «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы қазақ теливизиясындағы «ең үздік бағдарлама» деп танылды.

2009 жыл, 26-маумым – Журналистер меркесіне орай, Білім және Ғылым министрлігі тілшілеріміз Ұлан Тәліпбай, Медетжан Ізғұттинов, Альбина Асхатқызы мен Жанар Жолтаева, Данияр Батырбаев, Евгения Сазонова, Заира Медеубаеваларды түрлі ведомствалардың сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ, елдегі ірі компаниялар тарапынан да марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 



АРНАЙЫ ЖОБАЛАР:

1995 жыл - «31 арна» ТРК ұсынысы бойынша «Алтын Жұлдыз» байқауы басталды.

2000 жыл – «31 арна» ТРК ұйымдастыруымен «Ұлттық Телерадиотаралымшылардың Ассоциациясы» (ҰТА) құрылды, медиахолдинг директоры Арманжан Байтасов алғашқы президенті болды.

2002ж. 9-наурыз - “Мисс 31 арна - Қазақстан” ұлттық телевизиялық арулар байқауы бірінші рет өтті.

2005 жыл, 21-наурыз – «31 арна» ТРК мен «Seimar Social Fund» компаниясымен бірлесе, Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай «То, что было не со мной, помню…» тақырыбында оқушылардың республикалық әдеби-шығармашылық сайысы басталды.

2006 жыл - «31 арна» ТРК «Музыкальная фишка» жүлдесін ұйымдастырушыларының бірі.
2006 жыл - УЕФА чемпиондар лигасы көрсетілді.
2006 жыл- Business PR Weekend

2007 жыл – Телетаралым жөніндегі халықаралық семинарлар топтамасы.

 

2008 жыл, 14-қараша - Алматыда жарнама саласы бойынша бірінші халықаралық «Cannes Lions 2008» фестивалінің тұсау кесері болып өтті. Қазақ жерінде алғаш өткізіліп отырған фестивальдің ақпараттық демеушісі «31 арна» болды.

 

2009 жыл, мамыр – «31 арнаның» қолдауымен Орталық Азияда алғаш рет Халықаралық «ANIFEST 09» фестивалі болып өтті.

2009 жыл, мамыр – «Бүгінгі Қазақстан» және «Еуропаға жол» конферецияларының тұсау кересі болды.

2009 жыл, 1-маусым - Бір топ жұлдыздар мен арна қызметкерлерінің қатысуымен «1-маусым – балаларды қорғау күніне» орай балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.